$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Басына пакет кигізіп, подъезден алып шыққан: Алматыда ер адамның өліміне қатысты төрт күдікті ұсталды

Редактор
12.10.2026, 10:12
видеодан скрин
видеодан скрин
Алматыда басына пакет кигізіліп, подъезден шығарылған ер адам өлтірілген болып шықты

Алматыда басына пакет кигізілген күйде көпқабатты үйдің кіреберісінен шығарылған 61 жастағы ер адамның қаза тапқаны белгілі болды. Оны өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бірнеше адамның басына пакет кигізілген ер адамды подъезден алып шығып бара жатқан сәті түсірілген видео тараған болатын. Кейін видеодағы ер адамның адам өлтіру қылмысының құрбаны болғаны анықталды.

Полиция мәліметінше, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта тергеушілер күдіктілердің марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеріп жатыр.

Алматы қалалық полиция департаменті істің Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынғанын хабарлады.

«Тергеуді ІІМ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы құрылған жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп мәлімдеді полиция.

Қазіргі уақытта қылмыстың нақты мән-жайы мен күдіктілердің әрекеттері анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау