Қазақстанда ұлттық валюта – теңгеге байланған стейблкоин шығару мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Tether компаниясы, Қазақстан Ұлттық банкі және Алатау қаласының өкілдері бірлескен жобаны зерттеуге келісті. Бастаманың мақсаты – теңгеге байланған цифрлық активті енгізу мүмкіндіктерін зерделеу және оны қаржылық операцияларда пайдалану әлеуетін бағалау.
Стейблкоин – құны белгілі бір валютаға немесе басқа активке байланыстырылатын цифрлық токен. Мұндай құралдар төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қолданылуы мүмкін. Әзірге жоба зерттеу кезеңінде. Стейблкоиннің қашан іске қосылатыны және оны пайдалану шарттары жарияланған жоқ.