Ресми деректерге сәйкес, соңғы 3 жылда 100-ден астам бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмған. 600-ге жуық жеткіншек түрлі жарақат алған.
Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы жағдайлар көбіне балаларды ата-ана қарауынсыз қалдыру, терезелерге қорғаныш құралдарын орнатпау сынды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болады.
Әсіресе жаз мезгілінде қайғылы жағдайлар саны көбейеді.