Шымкентте жылқыны автокөлікке байлап, жол бойымен сүйреген жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тараған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жүргізушінің жеке басын анықтады.
Ведомство мәліметінше, тексеру барысында жылқының денесінен ешқандай жарақат табылмаған.
Соған қарамастан, жүргізуші жануарларға қатыгездік көрсеткені және оларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
ІІМ азаматтарды жануарларды тасымалдау талаптарын сақтауға және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.