Қоғам

Шерзат ісі: Куәгер ретінде танылған екінші қыз болған оқиғаны баяндады

16:07, 28 сәуір 2025 149

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы болып жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде танылған екінші қыз Дана Жақсыгелді қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

3-іне қараған түні бізді «Эйфория» кафесіне Равиль шақырды. Біз құрбымыз екеуміз сол жаққа бардық. Ол жаққа барған кезімізде кафе алдында Равиль, Нұрқияс, Абзал үшеуі тұрды. Содан амандасып, кафенің ішіне кірдік. Кейін Нұрбол деген жігіт келіп, қайтадан кетіп қалды. 12-ге таман кафе жабылады деп, ол жақтан шықтық. Көлікке отырып, үйге қайтамыз деп шештік. Жолда темекіміз таусылып, дүкенге кіріп шықпақ болдық. «Қамажай» дүкеніне бардық, ол жерде бір топ ұлдар тұрды. Нұртастар «сөйлесіп қатамыз» деп көліктен түсті. Кейін біз дүкенге темекі алуға кірдік. Бірақ бізге «сатпаймыз» деді. Сосын біз шықтық, сол кезде ерегес басталып кетті. Мен көліктің артына кеттім. Сол кезде атыс басталды. Сұр киім киген сақалды жігіт бірінші аспанға, сосын екі рет бізге қарай оқ атты. Кейін төбелес көшенің арғы бетіне кетіп қалды. Мен көліктің ішінде отырып, 5 минуттан кейін шығып ұлдарға «қайтайық» деп айқайладым. Ол кезде ешкім естіген жоқ. Қайтып көлікке отырдым. Төбелес не үшін басталғанын білмедім, — деді Дана Жақсыгелді.

Еске сала кетсек, бұған дейін куәгер ретінде танылған Эльмира Нұрбековадан жауап алынған болатын. Прокурор оның сөздеріне күмән келтірген еді. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз