Қоғам

Шерзат ісі: Прокурор куәгердің сөзіне күмән келтірді

13:06, 28 сәуір 2025 104

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қазір куәгер Эльмира Нұрбекова жауап беріп жатыр. Прокурор оның сөзіне күмән келтірді. 

Сізден жауап алу кезінде «Бала жерде жатқан болатын, үсті қан-қан болды. Ол жерде жатқан кезде Абзал қолындағы пышағымен арқа жағынан ұрып жатқанын көрдім» дедіңіз. Тергеу кезінде осылай нақты жауап бергенсіз. Осы жауабыңызды қолдайсыз ба? – деді мемлекеттік айыптаушы.

Алайда куәгер ол кездегі жағдай толық есінде жоқ екенін айтты. 

Мен ол кезде орысша да, қазақша да жауап бердім. Бізді АІІБ-де (РОВД) екі күн бойы ұстап, кабинеттен кабинетке апарып, сұрақтың астына алды. Мен ол кезде не жауап бергенім есімде жоқ. Тезірек үйге қайтқым келді, – деді Эльмира Нұрбекова.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз