Қоғам

Шерзат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

11:57, 25 маусым 2025 27

Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың басым бөлігі соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Шекеевтің айтуынша, сот үкімі 21 маусымда заңды күшіне енген. Осы күннен бастап сотталғандардың апелляцияға шағымдануға 15 күні бар.

Қазіргі таңда барлық сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық шағымдарын тапсырды. Тек Белғожаев пен кәмелетке толмаған Ысқақ әзірге шағым түсірген жоқ, - деді адвокат.

Еске салсақ, маусымның басында Талдықорған қаласында Шерзат ісі бойынша тоғыз айыпталушыға үкім шығарылған болатын.

Оған сәйкес, басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиевке 20 жыл, Азамат Тоқтаубаевқа 15 жыл, Нұрқияс Ильясовқа 9 жыл түрме жазасы тағайындалды. Бұзақылық бойынша жауап берген қалған жігіттер 7 жылдан жаза арқалады. Ал, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ 1 жыл 6 ай мерзімге сотталды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз