Қоғам

Талғар трагедиясы: «Шерзат ісі» бойынша айыпталғандарға сот үкімі шықты

16:25, 05 маусым 2025 41

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісіне қатысты резонанстық істің қаралуы аяқталды. Бүгін сот судьясы Ержан Жанұзақов үкімді жария етті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сотта анықталғандай, 2024 жылғы 4 қазанда кикілжің кезінде Абзал Шынасыл пышақпен Шерзат Полаттың кеуде тұсына соққы жасап, кейіннен жасөспірім Талғар аудандық ауруханасында көз жұмды. Сонымен қатар, Нұрғиса Гаипбаевқа және тағы бірнеше адамға түрлі дене жарақаттары келтірілген.

Оқиғаға барлығы 9 адам тартылып, оларға адам өлтіру, өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және қылмыс туралы хабарламау баптары бойынша айып тағылды.

Сот үкімі:

  • Абзал Шынасыл – 23 жыл бас бостандығынан айыру (екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс);

  • Равиль Сакиев – 20 жыл;

  • Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл;

  • Нұрқияс Ильясов – 9 жыл;

  • Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белгожаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жыл;

  • Кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақов – 1 жыл 6 айға сотталды.

Материалдық өтемақы:

  • Шынасылдан – 60 млн теңге;

  • Сакиевтен – 30 млн теңге;

  • Қалған сотталғандардан – ортақ тәртіпте 30 млн теңге өндірілуге тиіс.


Айта кетсек, сот прокурорға жекеше қаулы шығарып, куәлар: Д. Жақсыгелді, Э. Нұрбекова, А. Казакенова, Ю. Рузбакиева тарапынан қылмыстық құрам болуы мүмкін екеніне назар аударды.

Аталған үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз