Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Сот отырысы барысында айыпталушылардың қорғаушылары прокурорды ауыстырудысұрады.
Кеңес бөлмесінен келген кейін судья Ержан Жанұзақов прокурорды ауыстырудан бас тартты.
ҚР Қылмыстық кодексінің 87, 88-баптарында нақты қандай жағдайда мемлекеттік айыптаушы іске қатыса алмайтыны көрсетілген. Мұндай жағдайлар сотпен анықталған жоқ. Мемлекеттік айыптаушы Сәрсенбайдың бұл іске қандай да бір мүдделілігі, тікелей не жанама қатыстылығы анықталып отырған жоқ, – деді судья Ержан Жанұзақов.
Еске сала кетсек, бұған дейін сотталушы Дархан Әскентайдан жауап алынған болатын.