Шоу-бизнес жаңалықтары

«Шайға қарсы, араққа қарсы емес!»: Алагөзова Maxi шайға бойкот жариялаған имамды орнына қойды

10:10, 05 тамыз 2025 36

Елімізге танымал актриса әрі продюсер Баян Алагөзова өзін сынап, жұбайы Тұрсын Алагөзов шығаратын Maxi шәйға «бойкот» жариялауды ұсынған имам Данияр Кенжеұлына жауап берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл туралы продюсер Instagram-дағы парақшасында жазды. Айтуынша, имам заң мен Конституцияға ренжіп қалды.

"Тарихта алғаш рет! Имам араққа емес, шайға қарсы. Имам заң мен Конституцияға ренжіп қалды. Өйткені мен біздің елдің шариғат бойынша жүретін мемлекет емес екенін есіне салдым", - деп жауап берді өнер иесі.

Айта кетейік, Баян Алагөзованың “Қазақтар Ислам дінін қабылдамаған” деген пікірі қоғамда қызу талқыға түскен болатын

Бұл сөздерге алғашқылардың бірі болып дін өкілі, имам Данияр Кенжеұлы қарсы пікір білдіріп, продюсердің күйеуі Тұрсен Алагөзовке тиесілі “Maxi шайынан” бас тартуға шақырған болатын.

“Бұл — жай ғана қателік емес, тұтас ұлттың рухани тарихына жасалған ауыр соққы. Қазақ – ежелден мұсылман халық. Тарихты жоққа шығару — рухты қорлау. Егер жүрегінде иман болса, мұндай сөздерге қарсы үн қата біл. Maxi шайды ішпеуге шақырамын”, – деді имам.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз