Аймақ

Астанада қыздың көзінше маструбация жасаған такси жүргізушісінің видеосы тарады

17:06, 04 тамыз 2025 292

Астанада 19 жастағы тұрғын анасы екеуі сауда орталығына таксимен бара жатқан кезде жүргізушінің оғаш әрекетіне тап болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қыздың айтуынша, такси жүргізушісі жол бойы артқы айнаның көмегімен оған қайта-қайта қарап, ерсі қылық көрсеткен. Анасы қасында отырғанымен, бұл жағдайды байқамаған.

Қорыққан бойжеткен жүргізушінің әрекетін жасырын түрде видеоға түсіріп алған. Жол аяқталғаннан кейін ол полицияға арыз жазған.

Құқық қорғау органдары ер адамды ұстады. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз