YouTube

Экономика 6%-ға өссе де, елдегі ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден аспай тұр

11:47, 05 тамыз 2025 26

Журналист Ербол Сейілханның YouTube арнасында қонақта - тәуелсіз экономист Мақсат Халық. 

Экономика өсіп келеді, баға да аспандап барады

Үкімет Қазақстан экономикасының 6,2%-ға өскенін мәлімдеді. Бірақ дүкен сөрелеріндегі баға мен коммуналдық төлем шарықтап, жұрттың қалтасын қағып жатыр. Мұндай экономикалық өсім» кімге тиімді? Қарапайым халық оның жақсылығын қашан көреді?

Елімізде ең төменгі жалақы - 85 мың теңге

Осы кезде Қазақстанда орташа жалақы 423 мың теңге деп жарияланғанымен, 1,5 миллион адам 85 мың теңге жалақы алады. Олардың көбі Үкімет есебінде, өз-өзін асыраушылар деп саналады. Билік шынайы статистиканы неге жасырады? 

Қазақстан кедей ел ме?

Әлемдік стандарт бойынша, егер табыстың жартысынан астамы тек тамаққа жұмсалса – бұл кедей мемлекеттің белгісі. Ал біз ше? Біз қай санаттамыз? Сарапшы Үкіметтің кедейшілікке қатысты есеп-қисабымен мүлдем келіспейді. Неге? 

 Ұлттық қорда кіріс аз

Экономист Мақсат Халықтың пікірінше, зейнетақы қорынан алынған ақша үй бағасын қымбаттатып жіберді. Ал, Ұлттық қордың кірісі құрдымға кетіп жатыр. Қазақстанға қай елдің экономикалық даму моделі жақын? Кімнен үлгі аламыз?

Пайызы көп төлем, несиеге батқан халық

Тіпті банктердің өзі дабыл қағып отыр: ел қарызға белшеден батып барады. Алғашқы жарнасыз жылдық 24% несиемен көлік алғандар оны автосалондарға қайта тапсыруға мәжбүр. Бұл – жай ғана қаржы мәселесі емес, бұл – әлеуметтік дүмпудің алғышарты емес пе? Теңге тағы девальцияға ұшырауы мүмкін бе? 

Біраз өзекті тақырыпты қозғадық. Шешімін іздедік. 

Сұхбатты көріңіз! 

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз