Алматы облысы полиция екі апта бойы іздеген балалар үйінің екі тәрбиеленушісі табылды, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған bairaqmedia.kz.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында қыздар Алматы облысы аумағынан табылды. Қазіргі таңда олардың мекемеден қашып кетуінің мән-жайын анықтау үшін екеуі де Бостандық ауданы полиция басқармасына жеткізілген", - делінген қалалық ПД хабарламасында.