Қоғам

«Бұл баяғыдан осындай екен»: Рүстем Жүгінісовтің «төрт әйел аламын» деген пікірі қайта талқыға түсті (ВИДЕО)

13:44, 05 тамыз 2025 130

Ақтөбедегі мешітте болған жағдайға пікір білдіремін деп басы дауға қалған экс-әнші Рүстем Жүгінісовтің «төрт әйел аламын» деген сөзі әлеуметтік желіде қайта қызу талқылаға түсті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Еске сала кетейік, Рүстем Жүгінісов Instagram-дағы парақшасында 4 әйел алуды жоспарлап жүргенін айтып, ерлерді көп әйел алуға шақырған болатын.

«Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде өзім де бармын. Қалған 5 пайызы бір әйелім жетеді деп жүргендер, көп әйел алуға әлі дайын емеспін деп ойлап жүргендер де бар шығар. Әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді», - деді ол.

Көпшілік әншінің бұл айтқанын түсіне алмай, сынап жатыр.

«Бұл баяғыдан осындай екен ғой», «Өлең айтып жүргенің жақсы еді», «Тиіспеңдерші өзі білсін», «Жолдан адасқан екен, тәубеге кел бауырым», «Тым жақсы бала еді, бұзылыпты», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік, президент Тоқаев көп әйел алушылықты насихаттайтындарды қатаң сынаған еді.

«Елімізде қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс», - деген болатын мемлекет басшысы.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз