"Астана Аренадаға" концерт кезінде әйел қоғамдық тәртіпті бұзды. Қақтығыстың өршуіне жол бермеу үшін оны полиция қызметкерлері оқиға орнынан алып кетті", - деп жазылған хабарламада.
"Аталған әйелдің полиция қызметкерлерінің бірімен некеде екенін хабарлаймыз. Бұл факт оның әрекетіне құқықтық баға беруге әсер етпейді", - деп толықтырды полиция.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 108-бабы (денсаулыққа қасақан жеңіл зиян келтіру) бойынша 200 АЕК-ке (2025 жылда – 786 400 теңгеге) дейінгі айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.