Шоу-бизнес жаңалықтары

Динара Сәтжан көп күткен сүйінші жаңалығын жариялады

08:00, 05 тамыз 2025 168

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан отбасында үлкен тойға дайындық басталғанын жария етті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, тележүргізушінің інісі отбасы құрғалы жатыр. 

"Сәтжановтар әулетіне бір мүше қосылды. Арай, шын жүректен қош келдің! Ініміз Паша көптен күткен бақытын өз туған жері – Қарағандыдан тапты. Бүгін сырға салу рәсімін сән-салтанатымен өткіздік. Алда - үлкен той! Жас жұбайларға мәңгілік махаббат пен баянды бақыт тілейміз!", - деп жазды Динара Сәтжан. 

Айта кетейік, Динара Сәтжан еліміздегі ең ықпалды кәсіпкерлердің бірі Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққан болатын. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз