Өнертанушы, дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай Ерлан Төлеутай Джей Лоның Астанада өткен жеке концертін Абай тойымен қатар қойылғанына ренішін білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Біз гонорар сұрасақ – жылайсыңдар,
Өсек қылып әркімге ұнайсыңдар.
Ал жатқа төгесіңдер миллиондарды,
Соңынан елге өтірік құрайсыңдар.
Жалаңаш көтке миллиондар шашып жатып,
Неге бізден тегін өнер сұрайсыңдар?
Әлемге даңқы кеткен өнерімді,
Көттеріңе қарамай сынайсыңдар.
Бұл өнерім Қорқыттан келе жатыр,
Киесі атып бір күні құлайсыңдар!
Ал әзірше құл-құтаным құтыра түс,
Бұл күнде қор қазаққа – Күн, Айсыңдар,
Күн, Айлығың құл-құтаным сол емес пе,
Сарт-сауан, арабпенен сыбайсыңдар.
Жер жаһанның кемпір-сампырын жиып алып,
Алды-артын гонорармен сылайсыңдар.
Өзіңді теуіп өзекке, жатты жарылқап,
Ал қашан өздеріңді сыйлайсыңдар?
....Абай тойын кемпірдің көтімен аштың,
Дұрыс па, осыларың – Құдайсыздар?!», деп жазды ол.