Қоғам

«Саусағымен тор белгісін көрсетті»: Желіде тағы бір судьяның түсініксіз әрекеті тарап кетті

21:21, 20 тамыз 2025 44

Әлеуметтік желіде Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақытхан Бакирбаевтың сот отырысы кезінде қолымен белгі көрсеткен сәті тарады. Желі қолданушылары судьяның саусақпен көрсеткен ишарасын «торға» немесе «хэштегке» ұқсатты, деп хабарлайды Qazaq Today.

Соттың мәліметінше, бұл оқиға 2024 жылы өткен процессте болған. Ол кезде атышулы қылмыстық іс бойынша үш айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш қаралып жатқан.

Тағы оқыңыз: Берденов ісі: Сот отырысында күтпеген оқиға болды (ВИДЕО)

«Сот отырысында қатысушылардың бірі залдан шығып кетпек болды. Сол кезде судья мұндай әрекеттің жол берілмейтінін ишарамен ескертті. Өйткені дәл сол сәтте қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі талқыланып жатқан. Яғни көрсетілген ишара тек қана тәртіпті сақтау мен процестің тиісті өтуін қамтамасыз ету мақсатында жасалды», – делінген сот хабарламасында.

Сонымен қатар аталған істі қарау барысында судьяның әрекетіне байланысты бірнеше шағым түскені айтылды. Судьялық әдеп жөніндегі комиссия ол шағымдарды қарап, судьяның кейбір әрекеттеріне қоғамдық сөгіс жариялаған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз