$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев шұғыл мәлімдеме жасайды

Редактор
13.11.2026, 08:38
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Тоқаев екі ұлттық компания басшысының ұсталуына байланысты шұғыл жиын өткізеді

Бүгін, 13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтеді. Жиында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталуына қатысты мәселе қаралады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналады. Жиын барысында Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің ұстанымын жеткізеді.

Сонымен қатар Президент «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударады. Стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың қызметінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету де жиынның негізгі тақырыптарының бірі болмақ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау