Ұлттық бірегейлік деген не? Бүгінде бұл ұғым қоғамдық пікірде де, ғылыми ортада да жиі айтылады. Алайда оның мәніне терең үңіліп, мазмұнын нақты түсіне бермейміз, деп жазды Вairaqmedia.kz.
Бірегейлік дегенде ойымызға ең алдымен тіліміз, тарихымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз оралады. Расында да, ұлттық бірегейлік – халықтың өзін өзге жұрттан даралайтын рухани-мәдени болмысының жиынтығы.
Ол өткеннің мұрасын сақтап қана қоймай, қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдырып, болашаққа деген сенімді нығайтатын маңызды құндылық.
Жаһандану үдерісі күшейген сайын ұлттық бірегейліктің маңызы да арта түсуде. Әлем халықтары бір-бірімен етене араласып, мәдениеттер ықпалдасып жатқан кезеңде әр ел өзінің төл болмысын сақтап қалуға ұмтылады. Өйткені ұлттық тамырынан ажыраған қоғамның рухани тұтастығы әлсіреп, ұлттық мүддені қорғау мүмкіндігі де төмендейді.
Қазақ халқын ғасырлар бойы ұлт ретінде сақтап келген құндылықтар аз емес. Белгілі мәдениеттанушы Қуаныш Нұрыбаевтың айтуынша, қазақтың ұлттық болмысының өзегін салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл мен діл құрайды.
- Қазақты қазақ етіп сақтап тұрған құндылық – салт- дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, тіліміз бен діліміз. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің «Тіл білімі – білімдердің негізі» деген әйгілі сөзі бар. Бұл жерде ғұлама тілді тек қарым-қатынас құралы емес, дүниені танудың негізі ретінде қарастырады. Салт-дәстүрді айтсақ, ұлттық ойындарды айналып өте алмаймыз. Тоғызқұмалақ, арқан тарту, ақсүйексияқты ойындардың басты мақсаты – жастарды біріктіру, достыққа тәрбиелеу, ұжымдық сананы қалыптастыру. Мұның барлығы халқымыздың табиғатпен етене өмір сүріп, өзара ынтымаққа негізделген дүниетанымынан бастау алады. Бүгінде осы дәстүрлер заман ағымына бейімделіп, қоғамға өз үлесін қосып келеді, – дейді мәдениеттанушы.
Сарапшының пікірінше, ұлттық бірегейлік ең алдымен күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден басталады. Ана тілінде сөйлеу, ұлттық мәдениетті құрметтеу, тарихи сананы сақтау, салт-дәстүрді заман талабына сай жаңғырту мұның бәрі ұлттық болмыстың өміршеңдігін қамтамасыз етеді.
Қуаныш Нұрыбаев бүгінгі таңда жаңашылдықпен дәстүрді бір-біріне қарсы қоюдың қажеті жоқ екенін айтады.
- Меніңше, дәстүр мен жаңашылдық қатар дамуы керек. Сонда ғана ұлттық құндылықтар заман талабына сай өмір сүре алады. Біз тек зерттеумен шектелмей, ұлттық мәдениетті жаһандық кеңістікте таныта білуіміз қажет. Ол үшін ең алдымен рухани иммунитетті қалыптастыру маңызды. Тарихи мұраны цифрландыру, ортақ құндылықтарды айқындау, ұлттық идеологияны нығайту - бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осындай бағыт ұстансақ, жаһандық бәсекеде өз орнымызды сақтай аламыз, - дейді ол.
Ғалым ұлттық бірегейлік тек тіл мен дәстүрден тұрмайтынын да ерекше атап өтті.
- Ұлттық бірегейлік – адамның рухани әлемі, дүниетанымы, өмірлік ұстанымы, мінезі мен ұлттық санасының тұтас жүйесі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттықрухтың, ішкі болмыстың және отаншылдық сезімнің негізгі тірегі, – дейді мәдениеттанушы.
Бүгінгі таңда бұл мәселеде жастардың рөліерекше. Сарапшы олардың заман ағымына бейімделе отырып, ұлттық құндылықтардан алыстамауы маңызды екенін айтады.
– Әл-Фараби «Бір қалыпты мінез – жақсымінез», «Жақсы мінез – жанның саулығы» деген. Адам қандай жағдайда да руханитұрақтылығын сақтауы керек. Қазіргі жастарөте жылдам өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріпжатыр. Гераклиттің «Бір өзенге екі рет түсеалмайсың» деген сөзі бар. Өзгеріс заңдылықболғанымен, адам өзінің мінезін, руханиұстанымын жоғалтпауға тиіс. Бұл бүгінгіжастар үшін ең өзекті мәселелердің бірі, - дейді ол.
Ұлттық бірегейлік өткенге байланып қалу емес. Керісінше, тарихи тамырды сақтай отырып, заманмен бірге жаңара білу. Ұлттың күші оныңэкономикалық әлеуетімен ғана емес, руханитұтастығымен де өлшенеді. Тілін құрметтеп, мәдениетін қастерлеген, тарихын танып, болашағына жауапкершілікпен қарайтын қоғамғана берік мемлекет қалыптастыра алады.
- Сондықтан ұлттық бірегейлік әр азаматтың жүрегінен басталатын ұлы жауапкершілік. Ол мемлекеттік бағдарламалармен ғана емес, әр отбасының тәрбиесімен, әр адамның күнделікті әрекетімен, қоғамның ортақ ұстанымымен нығаяды. Ұлттық құндылықтарды заман талабына сай дамыта алған ел ғана жаһандану кезеңінде өзінің бет- бейнесін жоғалтпай, келер ұрпаққа рухы мықты, тамыры терең мемлекет қалдыра алады, - дейді мәдениеттанушы.