$ 454.31
 528.04
 5.25

Әлеуметтік желідегі жазбасы үшін Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

Редактор
08.09.2026, 10:08
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Арман Шораев әлеуметтік желідегі жазбасы үшін 20 тәулікке қамалды

Ақмола облысының тұрғыны Арман Шораев әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданылған жазба жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Ақмола облысы полициясының мәліметінше, құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер қолданылған жарияланымды анықтаған. Кейін аталған дерек бойынша Арман Шораевқа қатысты әкімшілік материал толтырылған.

Істі қараған сот оны кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Полиция өкілдері әлеуметтік желіде заңға қайшы контент жариялағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау