$ 454.31
 528.04
 5.25

Қазақстанда 32 мамандықты алып тастамақ: министр себебін түсіндірді

Редактор
08.09.2026, 14:07
ЖИ көмегімен жасалынған
ЖИ көмегімен жасалынған
Қазақстанда сұранысқа ие емес 32 мамандық қысқартылады

Қазақстанда еңбек нарығында сұранысы төмен мамандықтар мен білім беру бағдарламаларын қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі еңбек нарығындағы өзгерістерге сай жаңартылуда. Соның аясында 32 мамандық пен 41 жұмысшы біліктілігін алып тастау жоспарланған. Бұған дейін сұранысқа сәйкес келмейтін 66 білім беру бағдарламасы тізілімнен шығарылған.

Сонымен қатар жаңа бағыттарға басымдық берілмек. Сыныптауышқа 20 жаңа мамандық енгізіліп, олар бойынша 243 білім беру бағдарламасы әзірленген.

Бұдан бөлек, жұмысшы мамандықтарына арналған бағдарламаларға жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте пайдалану дағдылары енгізіліп жатыр. Колледж студенттері үшін микробіліктіліктер мен Minor бағдарламаларын енгізу де жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау