$ 447.94
€ 502.32
₽ 5.52

Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты: Әли Тұрғанбеков Азия Пара ойындарында күміс алды

Редактор
23.10.2026, 14:27
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Қазақстандық Әли Тұрғанбеков Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық паражүзуші Әли Тұрғанбеков Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қазақстан құрамасының спортшысы 100 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында сәтті өнер көрсетіп, мәреге екінші болып жетті. Әли Тұрғанбеков аталған қашықтықты 1 минут 44,26 секундта жүзіп өтіп, күміс жүлдеге ие болды.

Бұл нәтиже Қазақстан құрамасының Азия Пара ойындарындағы медаль қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырды.

Айта кетейік, V Азия Пара ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 18–24 қазан аралығында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар спорттың бірнеше түрінен ел намысын қорғауда.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау