$ 454.31
 528.04
 5.25

Мектепте хиджаб киюге рұқсат берген мектептер лицензиясынан айырыла ма?

Редактор
08.09.2026, 17:27
Фото: ЖИ
Фото: ЖИ
Қазақстанда мектеп формасы талабын бұзған жекеменшік мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқу орнында хиджаб киюге рұқсат беруге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Министрдің сөзінше, мектеп формасына қатысты талап барлық білім беру ұйымына ортақ.

"Бізде бірыңғай мектеп формасы бар. Барлық мектеп осы ережелер мен талаптарды сақтауы тиіс. Мұндай жағдайлар болған, біз олармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жұмысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті де қатысады. Әкімдіктермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істейтін үлкен комиссия бар", – деді министр.

Сүлейменованың айтуынша, өткен оқу жылында мұндай жағдайлар, оның ішінде жекеменшік мектептерде де тіркелген. Ал биыл жаңа оқу жылы басталған кезде мұндай мектептер анықталмаған.

Журналист жекеменшік мектеп оқушыға хиджаб киюге рұқсат берген жағдайда министрліктің қандай шара қолдана алатынын нақтылады.

"Лицензиялау мәселесі бар – лицензиясын қайтарып алу. Бұдан бөлек те бірқатар тетік бар, оларды бірлесіп пысықтаймыз", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Яғни талапты сақтамаған жекеменшік мектептерге қатысты тиісті шаралар қарастырылмақ. 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау