Өнер иесі кезінде адамдарды футболмен айналыспауға және матч көрмеуге шақырған сөздерін еске алды. Адамбайдың айтуынша, сол уақытта ол өзгелерге немен айналысу керектігін немесе керектігін емес екенін айтуға құқылымын деп қате ойлаған.
«Мен сол кезде қателескенімді мойындаймын. Футболмен айналысудың қажеті жоқ, оны көрудің қажеті жоқ деп айтқаным – менің ақымақтығым еді. Сол уақытта біреуге немен айналысу керек, немен айналыспау керек екенін айтуға құқым бар деп ойлайтындай ақымақ болғанмын», – деді Нұртас Адамбай.
Актер осылайша бұрынғы ұстанымына қайта баға беріп, өзінің сол кездегі көзқарасы дұрыс болмағанын ашық мойындады.