Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы тәртіп сақшыларына жедел жәрдем бригадасының өзі хабарлаған. Медицина қызметкерлері екі ер адамға шақырту бойынша барған.
Оқиға Қазыбек би және Бәрібаев көшелерінің қиылысында болған. Шақырту түскеннен кейін аталған мекенжайға патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспектор жедел жетіп, екі ер адамды оқиға орнында ұстаған.
Алдын ала дерек бойынша, ұсталғандар есірткіге мас күйде болған. Олардың өздері де медицина қызметкерлері келгенге дейін синтетикалық есірткі қолданғандарын мойындаған.
Абырой болғанда, оқиға салдарынан жедел жәрдем қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ұсталған екі азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары пышақтың күдіктілерге қайдан келгенін және оны қандай мақсатта алып жүргенін анықтап жатыр. Оқиғаға қатысы бар адамдардың әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілмек.