$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Қызылордада жоғалып кеткен 6 жастағы қыз туралы тың мәлімет жарияланды

Редактор
08.11.2026, 19:01
ІІМ
ІІМ
Бүлдіршін ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен

Кешкі уақытта Қызылорда қаласының полициясына 6 жасар қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түсткен, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Хабарды алған бойда патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Заңғар Нұрадинов пен ювеналды полиция инспекторы Дамир Ахметулла дереу іздестіру жұмыстарына кіріскен. Полицейлер аула аумағын аралап, баланың жүрген жерін анықтау мақсатында жедел шаралар қабылдады. Тәртіп сақшылары іздестіру барысында дыбыс күшейткіш құрылғы арқылы қыз баланың аты-жөнін атап, тұрғындардан көмек сұрады.

Анықталғандай, бүлдіршін ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен. Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде қыз бала аман-есен табылды. Осылайша кішкентай қыз анасына тапсырылды. Баласының дін аман табылғанына қуанған анасы тәртіп сақшыларына жедел әрекеті, жанашырлығы мен жауапкершілігі үшін шынайы алғысын білдірді. Осы ретте полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға, оларды қараусыз қалдырмауға және қайда жүргенін үнемі бақылауда ұстауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау