Қосшыда 2 жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
nayzakokshe.kz ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға кеше «Орман алқабы» тұрғын үй кешеніндегі 36-үйдің ауласында болған. KIA Sportage автокөлігінің жүргізушісі кішкентай қыз баланы басып кетті. Маусым айында ол екі жасқа толар еді. Бүлдіршін алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, көлік жүргізушісі – әйел адам, ол бұрылыс жасаған кезде қайғылы жағдай болды.
Балақайдың көлік астына қалай түсіп қалғанын полиция анықтап жатыр.
Белгілі болғандай, жүргізуші де осы ауданда тұрады. Сағат шамамен 15:30-да ол үйінен кәмелетке толмаған ұлын іздеуге шыққан кезде осы қайғылы жағдай орын алған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда екі күнде 7 жастағы екі баланы көлік қағып, оқушылар оқиға орнында мерт болғанын хабарлаған болатызбыз.