$ 460.8
 541.21
 6.13

Алматыда жүк көлігі оқушыны басып кетті

Редактор
02.04.2025, 20:56
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Полиция қылмыстық іс қозғады

Алматыда жүк көлігі 7 жастағы қызды басып кетті, салдарынан оқушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін сағат 12:18–де Алатау ауданында болған. Жүк көлігі Бурундайская көшесімен батыс бағытта келе жатып, Новая көшесінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан 7 жасар қызды басып кеткен.

Өкінішке қарай, бала оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша сараптамалық зерттеулер жүргізіледі, – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау