Диана есімді тиктокер әлеуметтік желіде «Qos Like» бағдарламасы мен оның жүргізушілеріне қатысты жұрт білмейтін сұмдық жайттарды ашып айтты деп жазады bairaqmedia.kz.
«Qos Like» бағдарламасының жүргізушісі Назым өз өмірін реттей алмай жүріп, жастардың өміріне кірісіп жүрген біреу. Қанша байға тиіп, қанша бала тапса да, өзі біледі. Десек те, осы Назым жастарды казино ойындарына тығып, қарызға батырып жатыр. Зухра ханым дегені де жастарды онлайн казиноға тығып, қарызға батыруда», деп ашынған ол оқырмандардан келген хаттардың бірнешеуінің скринін салған.
Оқырмандардан келген хаттарда әйелдердің осы бағдарламаның танымал блогерлеріне сеніп қалып, қарызға белшеден батқандарын, тіпті кейбірі лудоманияның кесірінен отбасынан ажырасып кеткендерін жазған.
Тиктокер «Qos Like» бағдарламасын жабу керегін айтты.
Ал оқырмандар тиктокердің ойын қолдап, тірлі пікір қалдырған.
«Ауылға апарып мал баққызу керек бұларға. Содан кейін сайрағанын көреміз», «Ондай бағдарламаларды топас және қолы бостар ғана көреді. Онлайн казиноны жүргізетіндер, неге сол передачалардың хайуандарына береді жарнаманы? Себебі оларға дәл сондай надан, топастар керек, ақшаны ағызып жіберіп отыратын. Білімді адам онлайн казино ойнамайды. Күлкілі ғой, оны тұрақты табыс көзі ретінде қарастыру», «Жабылсын 1000% қосыламын», «Тәрбиелік мәні жоқ бағдарлама», деп жазып жатыр олар.