Шоу-бизнес әлемі

«Кешкі 8-ден кейін ас үйге кірмейді»: Айгүл Иманбаева күйеуіне қандай шарт қойғанын айтты

14:32, 27 тамыз 2025 161

Әнші әрі продюсер Айгүл Иманбаева АҚШ-тағы күнделікті өмірі жайлы әңгімелеп берді, деп жазады. bairaqmedia.kz.

Өнер иесі бұл туралы кәсіпкер Дулат Тастекейге берген сұхбатында айтты. 

“Қазір Америкада тұрып жатырмын. Өмірім өзгергені рас. Таңғы 5-те тұрамын. Сізге айтайын, 25 жылдан кейін асүйге кіріп, тамақ жасаймын. Тұрмысқа шыққаннан кейін, асүйге бет бұра бастадым. Алматыда тұрғанда тамақ істеуге уақытым болмайтын. Жалғыз тұрдым. Сырттан іше саламын. Үйде сіңлілерім болғанда солар жасап қояды. Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуіме таңғы ас дайындадым. Түрлі тамақтар мен дәмдеуіштердің атын жаттап жүрмін. Ең қызығы, уақытылы тамақ ішкесін салмақ тастадым. Кешкі 8-ден кейін ешкім асүйге кірмейді. Талабым сондай”, – деді әнші.

Сондай-ақ эстрада жұлдызы Лондондағы студенттік өмірін де еске алды. 

“Лондон мені сындырып, тәкаппар мінезімді орнына қойды. Шәкіртақым 900 мың теңге болды. Соны ай сайын жеткізуге тырысамын. Ол жақта елдегідей той-томалақ, концерт, кештер жоқ. Тек оқып, білім алу керек болды. Лондонға барып, өмірімде бірінші рет көше тамақтарын жедім. Алматыда жүргенде мүлдем жемейтін едім. Автобус, метромен жүрдім. Бір жыл қиналдым. Қазақстанда жеке мектебім бар. Солардың атқарушы директорларына шығып, ақша сұраған кезімді де жасырмаймын”, – деп ағынан жарылды актриса. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз