Деструктивті діни ағым өкілдерін көптің ішінен қаьай ажыратуға болады? Бұл туралы Түркістан облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша түсірілген видеода айтылған, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Мұндай адамдар тек сырт көзге діндар болып көрінеді екен. Алайда, олардың түпкі мақсаты мүлдем басқа.
Деструктивті діни ағым өкілдерінің іс-әрекетін екіжүзді тәрбиенің айқын көрінісі деп айтуға толық негіз бар. Олар сырт көзге діндар, тақуа болып көрінгенімен, шынайы болмысы мүлде бөлек. Көп жағдайда мұндай топтар шариғат талаптарын өз мүддесіне қарай бұрмалап түсіндіреді. Ұстанған идеологияларына қайшы дін үкімін мойындамай, ұнаған жерін ғана алады. Бір қызығы, кейбірі есірткі, қару-жарақ, заңсыз ақша айналымы, тіпті адам өміріне қауіп төндіретін қылмыстарға да барып жүр. Бұл олардың дінді саяси әрі жеке мақсаттарына пайдаланатынын дәлелдесе керек. Өйткені, аталған тыйым салынған заттар өздерінің қылмыстық идеяларын тарату жолында қажет, - делінген видеода.
Жат ағым өкілдері құрғақ сөзбен мақсатқа жете алмаған кезде күшке, қару-жараққа, тіптен адамдардың санасын улайтын есірткіге жол береді дейді мамандар.
Шынайы Ислам бейбітшілік пен әділетке, адалдық пен ізгілікке шақырады. Ал деструктивті ағымдар керісінше зорлық-зомбылықты, өшпенділікті, заңсыздықты, қасиетті мақсатпен бүркемелеп көрсетуге тырысады. Осылайша, олар жастардың санасын улап, заңға қарсы әрекеттерге итермелейді. Қоғамда тұрақсыздық пен бүлік туғызады. Кез-келгкн радикалды насихаттың астарында жасырын пайдакүнемдік пен билікке ұмтылу жатқанын түсіну маңызды. Дін жолындағы бұрмаланған түсінік бүлік пен қайғы әкеледі, - деп ескертілген Түркістан облысы Дін істері басқармасының тапсырысымен дайындалған бейнежазбада.