Аймақ

Алматыда көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды

12:55, 27 тамыз 2025 32

Алматының Түрксіб ауданындағы саябақ маңындағы қамыс арасынан Toyota маркалы автокөлік пен бейтаныс адамның денесі табылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оқиға 27 тамызда түнде болған. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Алматы Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты Kazinform.kz тілшісіне түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, марқұмның кім екені анықталды.

– Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Материалдар Түрксіб аудандық полиция басқармасының өндірісінде, - делінген хабарламада.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз