Аймақ

Алдағы күндері елімізде күн салқындайды

17:05, 27 тамыз 2025 17

Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, ауа температурасы төмендейтінін болжады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

30 тамызда құбылмалы күн райы Қазақстанның оңтүстік-шығысын да қамтиды. Бұл жақтағы өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі.

30 тамызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ, қатты жаңбыр жауып, екпінді жел тұруы ықтимал.

Сондай-ақ алдағы күндері республика бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Сонымен қатар ел аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • Қазақстанның солтүстік-батысында +23…+33°С-тан +15…+23°С-қа дейін;
  • солтүстік облыстарда +30…+35°С-тан +15…+23°С-қа дейін;
  • орталықта +30…+37°С-тан +18…+27°С-қа дейін;
  • Шығыс Қазақстанда +22…+32°С-тан +17…+28°С-қа дейін;
  • оңтүстік облыстарда +30…+41°С-тан +26…+35°С-қа дейін төмендейді.

Батыста ауа температурасы +20…+31°С шегінде, оңтүстік-батыста +27…+35°С болады. Оңтүстік-шығыста +33…+38°С ыстық сақталады, таулы аймақтарда +23…+28°С болады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз