Қоғам

«Дұғада болыңыздар»: Нұрлан имам мәлімдеме жасады

06:00, 28 тамыз 2025 56

Жастарға уағызды жеңіл тілмен түсіндіріп, халық арасында "tiktok имам" атанған Нұрлан Байжігітұлы Ислам Ынтымақтастық Ұйымы ұйымдастырған Халықаралық Қазан Жастар Саммитіне ресми шақырту алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz 

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

— Аяулы халқым! Ақ жол тілеп, дұғада болыңыздар! Қиаметтiк көршіміз Ресей Федерациясының тарихи Қазан қаласында Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ұйымдастыруымен өтетін әлемдік конференцияға ресми шақырту алған едім. Осы айтулы шараға еліміздің атынан қатысып, үлкен мінбеден сөз сөйлеуге, тәжірибе бөлісуге, ұлтымның ұлылығын дәріптеуге Мәскеу арқылы жолға шықтым, - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз