Мамырда Қазақстанда үш мереке атап өтіледі. Сондықтан, ел тұрғындарына қосымша демалыс күндері беріледі, деп хабарлайды bairaqmedia.kz eGov.kz мемлекеттік порталына сілтеме жасап.
1 мамыр елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Биыл мереке бейсенбіге сәйкес келгендіктен, 1 мамырда бір ғана демалыс күні беріледі. 2 мамыр, жұма – жұмыс күні.
Ал, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамырда Жеңіс күні тойланады. Күнтізбе бойынша Отан қорғаушылар күніне орай отандастарымыз бір күн – 7 мамыр, яғни, сәрсенбіде демалады. Ал, 8 мамырда қазақстандықтар жұмыс істейді.
9 мамыр – Жеңіс күні жұмаға сәйкес келгендіктен сол күні демалыс күні болып белгіленген. Одан кейінгі екі күн – 10 және 11 мамыр әдеттегідей демалыс күндері болады. Ал, 12 мамыр, дүйсенбі – жұмыс күні.
Сөйтіп, мамырда қосымша демалыс күні 1 мамыр, 7 мамыр және 9 мамырға беріліп отыр.