Қоғам

Қаласаң, ақша төле де көр, қаламасаң көрме - журналист ақылы онлайн тойға қатысты пікір білдірді

16:22, 09 маусым 2025 6

Журналист Ербол Азанбек өзінің Facebook-тегі парақшасында «МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын онлайн көру мүмкіндігін ақылы түрде жасағанына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл жерде ешқандай заңбұзушылық жоқ.

«Сәкеннің ұлының тойын ақылы, онлайн көру мүмкіндігі бар деген жаңалықты, артынша құқық қорғау органдары қайда қарап отыр, деген жазбаларды көрдім. Бір жазбаларда антикорды белгілепті.  Ешқандай заңбұзушылық, шу шығаратын нәрсе көрмедім. Нарық заманында заңмен тыйым салмаған кез келген нәрсемен табыс табуға болады. Бастысы, табысыңнан салық төле. Арнайы сайт арқылы кино көрсету сияқты ғой, мұнда тек оқиға ойдан шығарылмаған, көз алдыңда өтеді. Тойды онлайн көрсететін арнайы агенттік сияқты. Олар көрсетілімнен түскен табыстан салық төлеуі керек. Болды, басқа мәселе жоқ. Керісінше, креатив ұрып тұрғаны үшін жарайсың деу керек. Тойдың өзін монетизацияға шығарып жатқаны. Ал көру, көрмеу әркімнің еркі. Қаласаң, ақша төле де көр, қаламасаң көрме», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев маңғыстаулықтармен құда болып жатыр. Жуырда Майғазиевтер келіні Әдияны шаңырақтарына әкеліп, беташар рәсімін жасады. 

Онлайн көрсетілетін үйлену тойы маусымның 11-інде өтпек.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз