Қоғам

Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын онлайн көру ақылы болып шықты

23:18, 08 маусым 2025 28

Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын онлайн тамашалау ақылы болып шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бүгін әнші тойға тіркелу басталғанын жариялап, арнайы сілтемемен бөлісті. 

Сөйтсе, аты-жөніңіз бен жеке номеріңізді жазған соң, тіркелуді аяқтау үшін төлем жасау қажет екен. Яғни, Майғазиевтер отбасындағы қуанышты тамашалау құны 1380 теңге.

Айта кетейік, Музарт тобының әншісі маңғыстаулықтармен құда болып жатыр. Жуырда Майғазиевтер келіні Әдияны шаңырақтарына әкеліп, беташар рәсімін жасады. 

Онлайн көрсетілетін үйлену тойы маусымның 11-інде өтпек.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз