Қоғам

Астанада LRT қашан іске қосылады?

15:29, 09 маусым 2025 8

2026 жылдың I тоқсанында Астанадағы LRT ресми түрде жұмыс істей бастайды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, жаздың соңына дейін пойыздар жеткізіледі. 

«Жаздың соңына дейін барлық пойыздар жеткізіледі. Құрылыс аяқталған соң, күзде пилоттық режимде іске қосу және жөндеу жұмыстары басталады. Жоспар бойынша келесі жылдың алғашқы тоқсанында LRT ресми жұмысын бастайды», – деді Жеңіс Қасымбек.


Қытайдағы зауыттан Астанаға арналған алғашқы екі құрам жіберілді. Жоба аясында барлығы 19 заманауи, жүргізушісіз жүретін вагон дайындалады. Әр вагон 650 жолаушыға лайықталған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз