Ақтөбе облысында азаматтарды алдаған жалған блогер қамауға алынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, Мұғалжар аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызданған.
Тексеру нәтижесінде 2024 жылдың соңында өзін блогер ретінде көрсеткен аудан орталығының 35 жастағы тұрғыны төрт азаматты алдап, ақшасын иемденгені анықталды. Күдікті жәбірленушілердің біріне балабақшаға жұмысқа орналастыруды, екіншісіне жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдесуді, сондай-ақ тендерді жеңіп беруді уәде еткен. Төрт жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 10 миллион теңгеден асты. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары осы азаматтың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен басқа да тұлғалардан Мұғалжар аудандық полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.