Аймақ

200 отбасыны баспанасыз қалдырған: Су тасқынына бөлінген қаржыны жымқырған шенеуніктер сотталды

15:15, 09 маусым 2025 39

Ақмола облысында 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, аталған қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген. 

Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларымен тергелген болатын.

Сот үкімімен жымқыруға қатысқан тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі («Аса ірі көлемде жымқыру») и 218-бабы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша 8,6 және 7,6 жылға бас бостандықтарынан айыру және мүліктерін конфискациялау жазаларына тартылды, – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз