Аймақ

Павлодардағы балабақшада балаларды ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

09:46, 24 маусым 2025 19

Павлодардағы балабақшада балаларды ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады. Сондай-ақ балабақша басшылығының әрекетіне де құқықтық баға берілетіні айтылды.

Айта кетсек, қылмыстық істің қозғалуына әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалар себеп болған. Видеода балабақша қызметкері балалардың шашынан тартып, бетінен, арқасынан ұрып, итеріп жатқан сәті түсіп қалған. 

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз