Әлем

«12 күнге созылған соғыс»: Трамп Израиль мен Иран келісімге келгенін мәлімдеді

12:49, 24 маусым 2025 18

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы 12 күнге созылған әскери қақтығысты «толық және түпкілікті тоқтату» туралы келісімге қол жеткізілгенін жариялады. Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Егер бәрі жоспарға сай жүзеге асса – бұл тарихта қалады. Мен Израиль мен Иранды осы «Он екі күндік соғысты» тоқтатуға мүмкіндік берген төзімділік пен парасаттылық үшін құттықтаймын», – деп жазды АҚШ президенті.

КЕЛІСІМ ҚАЛАЙ ЖАСАЛДЫ?

Атысты тоқтату туралы келісімге АҚШ пен Қатардың бірлескен делдалдығы арқылы қол жеткізілген. Келісімге дейін Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлескен.

Ал Иран тарапы келісімге Қатар премьер-министрі шейх Мұхаммад бин Абдулрахман әл-Тани және Иран билігімен болған байланыс нәтижесінде келісті. Келіссөздерге АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио, сондай-ақ Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкіл Стив Уиткофф қатысқан.

АТЫСТЫ ТОҚТАТУ ҚАЛАЙ ІСКЕ АСАДЫ?

  • Қарсы тараптар алты сағат ішінде барлық әскери операцияларды тоқтатуға тиіс.

  • Толық атысты тоқтату келесі 24 сағатта жүзеге асады.

  • Иран атысты тоқтатуды дереу бастайды, ал Израиль 12 сағаттан кейін қосылады.

Бұл – Таяу Шығыстағы ең қауіпті әскери шиеленістердің бірі болған осы қақтығысты тоқтатуға бағытталған алғашқы нақты дипломатиялық қадам.

Тараптардың келісімді толыққанды орындауы өңірдегі тұрақтылық пен жаһандық қауіпсіздік үшін маңызды болмақ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз