Танымал продюсер әрі актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде денсаулығына байланысты қиын жағдайға тап болғанын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Өнер иесі жеке парақшасында паникалық шабуыл белгілерін сезінгенін айтып, оқырмандарына жан сырын ақтарды.
«Бүгін паникалық атакамен ояндым. Өзімді қорғансыз, жалғыз сезіндім. Қауіп бардай күй кештім. Жүрегім кеудемнен шығып кете жаздады. Көзімнен жас тоқтамады. Дереу анама барғым келіп, дәлізге шықтым. Бұндай сіздерде бола ма?» – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасына пікір қалдырып, оған қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік танытты.