Аймақ

Оралда ток соққан бала қайтыс болды

11:44, 02 мамыр 2025 65

Оралда ток соққан 9 жасар бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының ммәліметінше, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында мамырдың 1-нен 2-сіне қараған түні қайтыс болған.

Облыстық полиция департаменті аталған дерекке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын жеткізді.

Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда көпқабатты үйдің ауласында 9 жасар баланы тоқ соғып, жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз