Мұқағали Мақатаевтың ұлы блогерді сотқа берді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында белгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаевтың шағымы бойынша блогер Әлішер Теменге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Істі судья Бейнегүл Қайсина жүргізіп жатыр. Басты сот талқылауы бүгін басталды.
Іс Қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-бөлігі бойынша («Көпшiлiк алдында немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалану арқылы қорлау») қаралып жатыр.
Айта кетсек, блогер әлеуметтік желіде жариялаған видеосында Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, «сорлы еркек» деп атаған. Бұл жағдай қоғамда наразылық тудырып, желіде кеңінен талқыланған еді.
Мұқағали Мақатаев жалпы «жаловаться» ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай» дейді. «Ей, сен бл… (былапыт сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді – сосын барамыз ғой. «Банкет жасап берер едім өзім-ақ, тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай» дейді. Причем тут, құдай? Сенің туған күніңде үстеліңнің жайылып тұрғаны құдайға байланысты ма? Өзің жаса! Еркексің ғой, не үшін отырсың мына жерде? Отаныңды қорғайсың – еркексің, әулетіңді қорғайсың – еркексің. Әйеліңді қорғайсың – еркексің. Үкіметтен «үйді қашан береді» деп күтіп отырсаң, онда сен еркек емессің, – деді блогер.