Аймақ

54 млн теңге: Екі өңірде мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымы тоқтатылды

19:42, 02 мамыр 2025 85

Алматыда және Абай облысында жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) заңсыз айналымының ірі фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы 30 сәуірде Алматы қаласындағы мұнай базаларының бірінде тексеру іс-шаралары барысында 35 миллион теңгеден астам көлемде 177 мың 100 литр ЖЖМ анықталған. Өнімдер резервуарларда, бензин тасымалдау көліктерінде және пластик ыдыстарда тиісті құжаттарсыз сақталған. Материалдар процестік шешім қабылдау үшін Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Бұған дейін, 2025 жылғы 25 сәуірде, Семей қаласында (Абай облысы) жүргізілген жоспардан тыс салықтық тексеру нәтижесінде салық есебіне алынбаған, қызметті заңсыз жүзеге асырған, тіркелмеген автожанармай құю станциясы анықталды. Құны шамамен 19 миллион теңге 70 тоннадан астам мұнай өнімдері алынды. Материалдар Абай облысының Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз