Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жеті жыл ішінде Қазақстан ауқымды цифрлық трансформациядан өтіп, технологиялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
2019–2026 жылдардағы негізгі көрсеткіштер:
▪️ Электрондық үкімет. Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту индексінде 193 елдің арасында 39-орыннан 24-орынға көтерілді. Өсім — 15 позиция.
▪️ Ғарыш технологияларының экспорты. Экспорт көлемі нөлдік деңгейден $70 млн-ға дейін өсті.
▪️ IT-экспорт. Қазақстандық IT-қызметтер экспорты $30 млн-нан $1,142 млрд-қа дейін ұлғайды. Astana Hub көрсеткіші — $633 млн.
▪️ Интернет. Халықты интернетпен қамту деңгейі 84%-дан 98%-ға дейін артты. Интернеттің орташа жылдамдығы 21 Мбит/с-тан 88–94 Мбит/с-қа дейін өсті. Елде бесінші буындағы 5G байланысы енгізілуде.
▪️ Цифрлық мемлекеттік қызметтер. Цифрландырылған мемлекеттік қызметтердің үлесі 80%-дан 91%-ға дейін өсті. Цифрлық мемлекеттік қызметтердің 96%-ы смартфон арқылы қолжетімді.
▪️ Қолма-қол ақшасыз экономика. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі шамамен 14 есе — 13,3 трлн теңгеден 186,3 трлн теңгеге дейін артты.
Осы кезеңде Қазақстанның цифрлық күн тәртібі мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру аясынан шығып, экономиканың жаңа технологиялық секторларын дамытуға ұласты.
Цифрлық инфрақұрылым кеңейіп, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі артты, отандық IT-индустрия нығайып, қазақстандық технологиялық компаниялар халықаралық нарықтарға шыға бастады.
Қазақстан қызметтерді цифрландыру кезеңінен технологияларды экспорттау кезеңіне өтуде.