$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.3

«Жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын»: Димаш сарбаздардың қазасына көңіл айтты

Редактор
25.09.2026, 09:39
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Димаш Құдайберген Ақтауда қаза тапқан сарбаздарға арнап жазба жариялады

Әнші Димаш Құдайберген Ақтаудағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан жас әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында 18-19 жастағы сарбаздардың қазасы қабырғасын қайыстырғанын жеткізді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Димаш Құдайберген өмір жолын енді бастаған жастардың қазасын ауыр қабылдағанын жазды.

«Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жасар інілерімді қимай, жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын. Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені…» – деді әнші.

Ол қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарына, туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтып, оларға сабыр мен күш тіледі.

«Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жәннатта болсын. Ешбір ата-ана баласының артында қалмасын… Елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын», – деп жазды Димаш.

Өнер иесі жазбасын «Қош болыңдар, бауырларым…» деген сөздермен аяқтады.

Еске салайық, Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау