Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында 15 жастағы оқушы қыз өз-өзіне қол салды. Марқұмның денесін туыстары ауладан тапқан деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Қайғылы оқиға сейсенбі күні күндіз марқұмның өз үйінде болыпты. Оқушы осы оқиғаның алдында сабаққа барып келген екен. Ресми мәліметке сүйенсек, өлім алдында ол ешқандай хат жазып қалдырмаған.
2025 жылғы 29 сәуірде Мәртөк ауданының 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Жасөспірім ата-әжесімен және анасымен тұрған. Бала ол күні сабаққа барған, мінез-құлқында оғаш әрекет байқалмаған, - деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық білім басқармасы.
Белгілі болғандай, оқушы толыққанды отбасында өскен. Ата-анасы, ата-әжесімен бірге тұрған. Марқұмның денесін атасы тауып алған.
Оқушының өліміне қатысты полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.